Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Президент құттықтауы

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Айта кетейік, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс медаль еншіледі. Алтынды Үндістан құрамасы алды. Үндістан әйелдер құрамасы 19 ұпай жинап, Қазақстаннан бір ұпайға озып кетті.