Зәкиева қауіпті ойындар мен кітаптардың тізімін жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында осыған арнап пост жариялады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баланы әртүрлі қауіп-қатерден қорғау үшін көмек сұрауға болатын қызметтердің байланыс нөмірлерін қамтитын жадынама таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық мектеп чаттарына әлеуметтік желілердегі қауіпті топтар мен қауіпті кітаптардың тізімін және назар аударуды қажет ететін белгілерді, сондай-ақ баланы қайтымсыз салдарға әкелетін әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғау үшін көмек сұрауға болатын қызметтердің байланыс нөмірлерін қамтитын жадынама жібергенін хабарлады.

«Балаңызбен олар қауіпсіздік сабақтарында қарастырған тақырыптарды талқылау пайдалы болады. Не есінде қалғанын, не үйренгенін, қандай жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін білетінін және түрлі жағдайларда өз өмірін қалай қауіпсіздендіруі керектігін сұрап отыру маңызды», - дейді ол.

Зәкиева ата-аналар, балалардың қауіпсіздігінің негізгі көзі деп атап өтті.

«Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін үйден бастап (терезелерге блокиратор орнату, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау), оларға ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қандай жағдайлардан аулақ болу керектігіне, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерге дейін түсіндіру арқылы қамтамасыз ету», - деп жазды уәкіл.

Қауіпті топтар мен қауіпті кітаптардың тізімін мына сілтемеден көруге болады.