Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы халыққа стационарлық және алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетеді
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына «SAPA Medical» компаниясының «Yhlo IFlash 1200» деп аталатын қан талдау анализаторы орнатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ауруханадағы зертхана бөлімінің меңгеруіші Дариға Тілепованың сөзінше Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы жалпы алғанда географиялық жағынан шалғай орналасқан ауыл аймақтарға медициналық қызметті көрсетіп отырған мекеме болып табылады. Дертіне шипа іздеген әр тұрғынға сапалы аспапты зерттеулермен қатар зертханалық қан талдауларын оң бағытта жүргізу аурухананың негізгі мақсаты. Бүгінде жоғары сападағы анализаторды жетік меңгеру мақсатында зертхана бөлімінің бірнеше қызметкері іс тәжірбиеден өтіп дағдыланған. Қазіргі таңда зертхана бөлімінің қызметкерлерінің және аталған талдау анализаторының сапалы жұмыс жасауының нәтижесінде көптеген талдаулардан аурудын оң нәтижесі анықталып, дәрігерлердің қарауына жолданды. Бұл аурухана қызметкерлері үшін оң нәтиже дейді.
Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы халыққа стационарлық және алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетеді. Стационарлық көмек құрамында терапиялық, неврологиялық, хирургиялық, балалар, босану және гинекологиялық, паталогия, жұқпалы аурулар, реабилитациялық бөлімше және реанимациялық бөлімдерінде жалпы 171 тәуліктік төсек қоры, стационарда күндізгі стационарлық көмек көрсетуге 24 төсек қоры есептелген. Амбулаторлы—емханалық көмек көрсетуде ауданда 12 дәрігерлік амбулатория, 28 медициналық тірек, 8 фельдшерлік акушерлік тіректер халыққа күнделікті медициналық көмек көрсетуде. Аудан бойынша дәрігерлік амбулаторияларда күндізгі стационарлық көмек көрсету үшін 72 төсек қоры бар.