Қазығұртта АПВ-ға қарсы вакцинация туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Сала мамандарының тақырып аясында түсіндіруден кейін, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, үн парақшалар таратылды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Ораз Жандосов мектебінде 11 жастағы қыз балаларға арналған АПВ-ға қарсы вакцинация жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазығұрт аудандық орталық емханасының акушер гинекологы Ж.Мүсіралиева мен онколог дәрігер Б.Бектаев 11 жастағы қыз балаларға аталған вирусқа қарсы салынатын вакцина жайында айтты. Семинар кеңеске ата-аналар мен мұғалімдері қатысты. Жиында АПВ вакцинасының тиімді екендігі, вакцинадан кейін әйелдер арасында АПВ таралуының төмендеуі, ағзаға еніп, иммунитетті белсенді етуі, өз кезегінде иммундық жүйенің жасушалары адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған антиденелердің шығуын, вакцина қатерлі ісік ауруын тудырмайтындығы туралы түсіндірілді. Алдағы АПВ -ға қарсы вакцинациялау науқанына ҚР Үкіметі 9,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оған 351 мыңнан астам доза мөлшерінде вакцина сатып алынады.

Сала мамандарының тақырып аясында түсіндіруден кейін, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, үн парақшалар таратылды. Жұқпалы аурулардан туындаған онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топтың кемінде 95%-ын қамтитын 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломалық вирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Вакцина білім беру ұйымдарындағы егу кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді болады. Вакцинациялау ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімдерімен жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакцинациялау дәрігердің қарап-тексеруінен кейін қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакциналар иммунитеті әлсіреген адамдар үшін қауіпсіз.