Жасы 114-те: Қазақстандағы ең қарт адам қай облыста тұратыны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

1 қазан күні әлем бойынша қарттар күні тойланады

Фото: depositphotos.com

Қазақстандағы ең көп жасаған адам Ұлытау облысында тұрады. Ақ жаулықты әже биыл 114-тен асқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам бар.

«Қариялардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тұрады. Мәселен, Түркістан облысында 100 жастан асқан 64 адам бар. Ал, Алматы қаласында ғасыр жасаған қариялар саны 48 адам. Алматы облысында жүзден асқан 38 қария тұрып жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Дереккөз мәліметінше, ең көп жасаған адам, яғни, 114 жастағы кейуана Ұлытау облысында тұрады. Павлодар облысында 112 жас жасаған бір қария, Түркістан облысында 110 жастан асқан бір қария тұрады.

Айта кетейік, 1 қазан күні әлем бойынша қарттар күні тойланады.