Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Qaz365.kz редакциясы

6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді

Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елімізде 2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтетіні белгілі. Осыған орай азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін Шымкент қаласында 6 қазан күні барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетеді. 

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Нақтырақ айтқанда, 1 мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады. 

Аталған игі іс тасымалдаушы компаниялар тарапынан 2024 жылы 6 қазанда өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы күні таңертеңнен кешке дейін қала аумағында кез келген азамат қоғамдық көлікпен тегін жүре алады.