Антикор: Жемқорлық бойынша қай сала бірінші орында тұр

Qaz365.kz редакциясы

Жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады

Фото: ашық дереккөзден

Антикор мәліметіне сәйкес білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, 2022-2023 жылдардың ішінде ғана жемқор басшылар мен есепшілердің кесірінен мемлекетке 17 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Бұл өте қомақты қаражат.

Мәселен, Талдықорған қаласында бірнеше мектеп директорлары және олардың сыбайластары 4 млрд теңгеден аса  қаржы ұрлаған.

«Жемқорлық бойынша, әсіресе, білім саласында сорақы фактілер бар. Мысалы, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас есепші, бірнеше мектептің директоры 4 млрд теңгеден аса  қаржы ұрлаған. Сондай-ақ тұтқындау кезінде көліктен шамамен 1 млрд теңге шықты. Мұндай жағдайлар  басқа аймақтарда да анықталды, – дейді агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Ұлан Сарқұловтың сөзінше бірқатар былықты анықтаған антикор тиісті мемлекеттік органдармен, соның ішінде жауапты министрлік және әкімдіктермен өзара тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. 

Сондай-ақ  жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады.