АҚШ азаматы Адай күйін рок стилінде орындады

Qaz365.kz редакциясы

Оның өнерін көрген оқырмандар ыстық ықыластарын білдіріп жатыр

Видеодан скриншот

АҚШ-тан келген азамат қазақтың дәстүрлі күйлерін рок стилінде домбырада орындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Америкалық азамат Geoff Gersh Астана қаласында 10 қазан күні АҚШ елшілігінің қолдауымен өтетін «Мәдениет гармониясы» атты шарада қазақтың дәстүрлі күйлерін, әрі ағылшын тілінде рок-н-ролл және джаз стиліндегі әндерді домбырада орындап шырқайды. Ол – @world.dombra.academy негізін қалаушы Айгерім Мырзахметтің АҚШ-тағы шәкірті екен. 

Әлеуметтік желіде америкалық музыканттың қазақтың ұлттық аспабында шеберлікпен ойнаған өнерін көрген оқырмандар ««Адайды» екінші дауыспен ерекше ойнауға болатынын бірінші рет көріп тұрмын», «Қандай керемет! Тамаша!» деген ыстық ықыластарын жазып жатыр.