Түркістанда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

Qaz365.kz редакциясы

Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды

Түркістанда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.

Осы ретте мамандар Түркістан қаласындағы «Талғат клиникасына» қарасты стоматология бөлімі мен «Doctor Medical» жеке тіс емханасы және «Акмарал» жеке тіс емханасының, «TURAN DENTAL» жеке тіс емханасының медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.  «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбында баяндама жасалып, сонымен қатар АТИВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар таныстырылды.

АИТВ жұқпасы – адамның иммунитет тапшылығы вирусының лимфоциттерде, макрофагтарда және жүйке тінінің жасушаларында ұзақ жылдар сақталуының нәтижесінде дамитын, иммундық жүйені зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру біртіндеп басталады. Алғашқы уақытта ауру тұмауға ұқсас белгілерден басталуы мүмкін, сонымен бірге дене қызуының көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы да мүмкін. АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық сатысы бар, бастапқы екі сатысы симптомсыз ағыммен және ұзақ сақталатын лимфоаденопатиямен сиппатталса, 3-4 сатыда басқа да әртүрлі симптомдар мен синдромдар асқына бастайды, соның ішінде тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары, әртүрлі дерматиттер, ауыр бактериялдық инфекциялар, герпес, пневмония, туберкулез, капоши саркомасы және басқалары бар. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың негізгі жолдары – бұл жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану кезінде стерильді емес құралдарды ортақ пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.