Түркістандағы құрылыс басқармасының қызметкерлері АИТВ инфекциясы жөнінде дәріс тыңдады

Qaz365.kz редакциясы

Шарада АИТВ инфекциясының таралуы мен одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды

Түркістан облыстық құрылыс басқармасының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы семинар жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған шарада АИТВ инфекциясының таралуы мен одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар қатысушыларға өз мәртебесін анықтау үшін орталыққа келіп, тегін медициналық тексеруден өту ұсынылды. АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. АИТВ  диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді. АИТВ-инфекциясына тексеруді жасырын түрде жүргізуге болады.

АИТВ инфекциясын жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы, не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы және симптомсыз кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Ауру дендеген жағдайда адамның иммундық жүйесі әлсіреуі салдарынан туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекция-лар мен ісіктер пайда болуы мүмкін.

Айта кетсек, дүние жүзінде бұл эпидемия басталғаннан бері 84,2 млн адам АИТВ жұқтырған, 40,1 млн адам қайтыс болған. АИТВ қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады, сондай-ақ ауру жұқтырған анадан балаға босанғаннан кейін ананың сүті арқылы өтеді. Вирус сілекей, тер, жас секілді дене сұйықтығы арқылы адамнан адамға жұқпайды.