Бүгін – тарихи маңызы бар күн
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
- Бүгін – тарихи маңызы бар күн. Конституцияға сәйкес, мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің таңдауымды жасадым, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, облыс аумағында 463 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Өңірдегі сайлаушылар саны - 442 мыңнан астам.