«Ертең АЭС-тің бір қабырғасы осылай тұрмасын»: LRT-ның ағашпен жамалған жолы желіде әжуаға айналды

Qaz365.kz редакциясы

Желіде LRT-ның осы суреті қызу талқыланып жатыр

Фото: Facebook / Дастан Сейілханұлы

Желі қолданушылары LRT-ның ағашпен жамалған жолының суретін бөлісуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мына LRT салынып бітсе, 1 ай бойы тоқтаусыз осыны тұрғызғандарды вагонға тиеп, әрі-бері тасу керек. Опырылып қалмаса, онда ел игілігіне бере беруге болады», – деп жазды журналист Дастан Сейілханұлы.

Тағы бір журналист осыған қатысты пікір білдірді.

«Ертең АЭС-тің бір қабырғасы осылай жамалып тұрмасын…», – деп жазды Қуат Ахметжанов.

LRT-ның осы суреті АЭС салу мәселесі шешілген кезде көп тарап, реакция туғызды. Суретті бөліскендер «ЛРТ-ны сала алмай жатқанда АЭС-ты салуға не жорық» деп емеурін білдіреді.

Ал LRT-ге жауапты компаниялардың бірі CTS бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Ш. Қалдаяқов пен Қ. Қуанышбеков көшелерінің қиылысындағы LRT құрылыс алаңындағы 114-115 учаскеде, монолитті арқалықтардың арасындағы түйіскен жердегі NR14 тіреуіште монолитті арқалықтардың ішін бетондау үшін арналған қалып. Жүктемені азайтуға арналған кернеу кабельдері орнатылғаннан кейін бұл қалып алынып тасталады. Қазіргі уақытта бетон жұмыстары аяқталып, беріктік орнату жұмыстары жүргізіліп, қалыптар алынып тасталуда», – делінген жауапта.