Ол жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан
Шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеген көкшетаулық 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол ұзақ уақыт бойы жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан. Осылайша мемлекетке 448 миллион теңге шығын келтірген.
Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, бұл іске қатысы бар тағы екі адам 5 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.