«Мұңайма Үрбибіге» билеп, видео түсіретіндер көбейген
90-жылдардың орта тұсында қазақ даласында шырқалған «Мұңайма Үрбибі» әні соңғы кездері қайта жаңарып, қырғыз елінде айтылып жүр. Қазір бұл ән Tik-Tok желісінде өте танымал, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мұңайма Үрбибіге» билеп, видео түсіретіндер көбейген. Олардың арасында қазақ жастары да, қырғыздар да бар. Тіпті, Африкаға дейін жеткен. Абиба Әбужақынова, Есмигүл Куюлова дзюдошы қыздарымыз да билепті.
«Мыналарға күлсең, қадап тастайтын шығар», «Әдемі шықты», «Каратэші болсам да, дзюдошылардың вайбы ұнады», «Өте әдемісіздер», «Біздің чемпиондар керемет», – деген пікірлер бар.
Айта кетейік, бұл ән 1995 жылы жазылған. Музыкасының авторы – қолына баянын ұстап танылған Бауыржан Бегахметов болса, сөзі Жетісай халық театрының директоры болған Әлібек Мейірбековке тиесілі. 90-жылдары қазақ даласындағы тойларда жиі шырқалған әндердің бірі.
Ал биыл қырғыздар бұл әнді жаңартып, «Муңайба Адеми» деп Cover нұсқасын шығарған.