Дана Нұржігіт екінші күйеуін шартты түрде соттатқанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Фото: ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші, бұрынғы сенатор Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуіне қатысты жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Екінші жолдасыммен ажырасқан соң, ол соңымнан аңдып жүрді. Менің өмірімде де осындай жағдай болды. Қазір құлағаннан кейін қалай аяққа тұру керегін жақсы білемін. Бірінші жолдасым, баламның әкесінен ажырасқан кезде бір-біріміздің көңілімізге тиетін сөздер, түрлі жағдайлар болды. Соңында, бір-бірімізді түсіндік. Сол кезде мәдениетті түрде ажырасудың не екенін түсіндім. Яғни, білімді адам үшін мұндай кезең қалыпты жағдайда болады. Ал адамға түсіндіру мүмкін болмаған кезде, неге ажырасамыз деген сынды сұрақ туындайды. Мұны ондай адамға қалай түсіндіруге болады», – дейді Дана Нұржігіт.

Динара Сәтжан журналиспен сұхбаттың үзіндісін келтірген. Онда Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін, психотерапевттерге баруға мәжбүр болғанын айтқан.

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», – дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Фото: comode.kz: UGC

 Дана Нұржігіт сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдеп, оны осы жазда қылмыстық кодексінің 147 бабы бойынша 3 жылға соттатқан. Іс жеке өмірге қол сұғу бабымен қозғалған.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», – деп жазды Динара Сәтжан.