Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді

Фото: әлеуметтік желіден

90-жылдардың басында қазақ халқына кеңінен танылған Дәрібаевтар отбасының негізін қалаушы, сазгер Ибрагим Дәрібаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді. 

“Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым! Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз”, – деп жазды Facebook парақшасына. 

Желі қолданушылары отбасы мүшелерінің қайғысына ортақ екенін жазып жатыр.