Елімізде әрбір үшінші тұрғын дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінен зардап шегеді
Түркістан қалалық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Әнеш Қаламқас ағзада барлық витаминдер жеткілікті болса, дене мүшелері мүлтіксіз жұмыс істейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, витаминдердері жеткілікті адамның ісі өнімді, көңілі шат, энергиясы мол болады. Адам ағзасы қалыпты жұмыс істеу үшін оны үнемі пайдалы минералдар мен витаминдері бар пайдалы тағамды тұтыну қажет. Дәрумен мен минералды қоспалар қазір кеңінен жарнамаланып, барлық дәріханаларда сатылады. Бірақ оларды жөнсіз қабылдауға жол берілмейтінін есте ұстаған жөн дейді.
Елімізде әрбір үшінші тұрғын дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Осының әсерінен иммунитет әлсірейді, дәрумендер жетіспеушілігі болады.
«Көкөністер мен жемістер, таза ауада жиі серуендеу, спортпен шұғылдану және жағымсыз эмоцияларға берілмеу ағза үшін пайдалы әрі дәрумен қорын толықтырады. Десек те күн сайын пайдалы тағамдарды жеткілікті мөлшерде тұтына бермейміз. Мәселен А витамині балаларда жеткіліксіз болса, дамуы тежеледі, жұқпалы ауруларға бейім болады. Сондай-ақ, ересек адамдардын көзі ауырып, көрмей қалуға дейiн апарып соғады. Ал, В витамині жетіспесе, тез шаршағандық, тамаққа көңіл соқпаушылық, күйгелектік пайда болады. Сондай-ақ, нерв қызметі бұзылады. Сонымен қатар, Д витамині негізінен балалар ағзасы үшін өте пайдалы. Ағзада бұл витамин жетіспесе, мешел ауруына шалдықтырады. Адам ағзасы үшін бұл витаминнің маңызы зор. С витаминінің жеткіліксіздігінен, дінгене ауруы пайда болады. Соның салдарынан адам тез шаршайды, аяқ-қолы сырқырайды, тісі қызарып, бөртіп қанайды, ауыздан жағыссыз иіс шығады, денеде қызыл бөртік пайда болады, гемоглабині азаяды»,- дейді Әнеш Қаламқас.