Қазақстанда 165 мыңға жуық адам өзін құмар ойындардан шектеген

Nur-Altay Umirzak

Пилоттық жоба 2024 жылғы 18 наурызда енгізілген

jasqazaq.kz
 

Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәліметті жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылғы 7 қазанға дейін 164 523 өзін құмар ойындардан шектеген. Оның:

  •  161 707 адамы – eGov mobile арқылы;
  •  2 816 адамы – жазбаша шектеген.

Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметінше, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:

  • eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
  • жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).

Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылғы 18 наурызда енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын атап өтті.