2011 жылы туылған балалардың үлкені ғана аман қалған
Бүгін Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін таңғы сағат 04:29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен. Салдарынан 5 бала қаза тапты. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылы туылған бала ғана аман, зардап шекпеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.
Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек те беріліп жатқаны айтылды.
ТЖМ тұрғындардан кәмелетке томаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!