Жоба жалпы 5-бағыттан тұрады
Мемлекет басшысы Жолдауында мақтаған «Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылдан бастап «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасы ретінде басталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгінде жобадағы бизнес идеялар туралы Жамбыл, Байзақ, Меркі, Жуалы аудандары көш бастап тұр. Аймақта 8 мыңнан астам адам кәсіп ашса, соның бірі – Байзақ ауданындағы Жалғызтөбе ауылдық округінің тумасы Жұмасаев Ғанибек Темірболатұлы.
Ғанибек Темірболатұлы 1991 жылы Мырзатай ауылында туып өскен. Қазіргі кезде Жетібай ауылының тұрғыны. Үйленген, бір ұл мен бір қыздың әкесі.
«Ауыл аманат» аясында ауданнан келіп жиналыс жасады. Жиын барысында бес бағыт бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Өзім бесінші бағытқа қызығушылық танытып, кәсіп ашуды ұйғардым. Бір жылдық демалысы да тиімді болды», - дейді кәсіпкер.
Жоба жалпы 5-бағыттан тұрады. Оны жеке-жеке тізбектесек:
Кейіпкеріміздің айтуынша, жобаның қиындығы да бар.
«Кәсіп ашу қазіргі кезде оңай емес. Қалтаңызда қаражат болуын талап етеді. Барлығын да есептеу керек. Жобаның бір күрделі жағы өз жерін болуы қажет. Сондай-ақ, бизнеске ыңғайлы және сұранысқа ие болуы тиіс. Жерді инфраструктурамен қамтамасыз ету өз қалтамыздан шығады. Оған бағдарламада көмек қарастырылмаған», - дейді ол.
Сөзінше, жерді өзі бұрын сатып алып қойған.
Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, аудан бойынша 2019-2020 жылдарда Қостөбе 819 млн. тг және Түймекент 715 млн. тг ауылдық округтерінде, 2021 жылы Үлгілі 457,8 млн. тг ауылдық округінде іске асыпты.
«Құжат жинау жағынан біршама қиындықтар болды. Әсіресе, үш фазалық тоқ жүргізу қиынға түсті. Оның құжаты мен материалы өз қалтамнан шықты. Күнде шапқылап жүргеннің өзінде үш аптада әрең бітті. Жобаны дайындау да көп уақытты талап етеді», - дейді сұхбат беруші.
2022 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы болып аталып, жобаға Жалғызтөбе ауылдық округі кірген екен.
«Шатыр материалын жасайтын машинаны (станок) Қытай елінің Гуанчжоу қаласынан алдық. Бір жылға кепілдік берілген. Отандық кәсіпкер арқылы жеңілдетілген бағаға ие болдық. 7 млн. теңгеге алынған аппаратымыз, қазіргі кезде 12 млн. теңгеге көтеріліп кетті.
Екі жұмысшыны жалдап отырмын. Оларды көлеміне бағасын келіскенім тиімді болып тұр. Өздері тұтынушыны тауып, шаршысын өткізеді. Ол кісілерге де бұл жағы тиімді. Тәжді тақтайшаларды (черепица), профнастилді шығарамыз», - дейді 30-дан асқан ер-азамат.
Материалдары базардағы бағадан арзан. Тіпті, аудан ішінде жеткізу қызметі тегін. Тапсырыс та көп, бір жағынан үлгермей жатырмыз, дейді Ғанибек Темірболатұлы.
Ауылдық округ бойынша 143 азамат несие алуға ұсыныс беріп, 138 азамат жалпы 886,2 млн. теңге несие алыпты. Бұл несиелерге 4816 бас мал, 12 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып және ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бағытына 13 млн. теңгеге 2 жоба іске ассқан.
«Болшақта кәсіп бастаймын деген азаматтарға кәсіп басатауға болады. Бірақ та барынша талпыну керек. Әрбір істің өз қиындығы бар. Бастапқы кезде жақсы жүріп кетпейді. Күннен-күнге модельдер дамып жатыр. Халықтың сұранысына сай айналысқан дұрыс. Әр адам өз бақталасын тауып, сол саладағы азаматтармен кеңесе отырып, жұмыс жүргізуі керек. Ғаламторда тек оңды ғана жауап аласыз. Ондағы кеңес берушілер кәсіптің қиындығы туралы тәпіштеп айтпайды», - дейді ол.
Оның айтуынша, кәсіптен 30 пайыз пайда түспесе, кәсіппен айналысудың керегі жоқ.
«Өзімізді нөлде нөл ретінде жауып отырмыз. Айналымға кіру үшін инвесторлар керек. Үлкен жобадағы авторлармен келіссөз жүргізудеміз. Олардың қызығушылығы болса, несиелерімізді ерте жабуға мүмкіндігіміз болады.
Бір адамға кәсіп бастау қиын. Әр адамның талғамы әртүрлі. Материалымызды қолдап, қолдамайтындар да болады. Әркімде әртүлі көзқарас бар ғой. Серіктесіңіз болатын болса өте жақсы. Құрылыс ешқашан да тоқтамайды. Материалдарыңызды халыққа тиімді, арзан ретінде беріп отырсаңыз, кәсібіңіз жүреді. Ең бірінші сапа, одан соң қолжетімді баға болса болды. 100 пайыздан 30 пайыз пайда келсе, бизнес жүріп жатыр деп есептеуге болады», - деп сөзін түйіндейді Ғанибек Темірболатұлы.
Қадырбек ӘУЛИЕАТА