ШҚО-ға келген шотландиялық блогер: Ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне тәнті болдым

Qaz365.kz редакциясы

Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Фото: ашық дереккөзден

«Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестивалі аясында «Алтай - өнер ордасы» атты концерт өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған облысқа қарасты аудандардан келген көркемөнерпаздар қатысып, ән мен күйді төгілтуде.

Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда. 

Мерекелік шара барысында еліміздің мәдениет саласының үздіктері Есен Маженов, Гүлмира Көпжасарова, Бақытбек Масалиев сынды әншілер көрермен қауымды әуезді әндерімен тербетуде.

«Қазақ халқының өнеріне тәнті болдым. Қазақстанда ұлттық құндылықтар ерекше дәріптеледі екен», - деді шотландиялық блогер Киран Шаннон.