"Шығыстың салбурыны" кедергісіз орта қалыптастырды

Qaz365.kz редакциясы

Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған

Кең даланың төріндегі "Шығыс салбурынын" тамашалауға параспортшылар да келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлан ауданының тұрғыны, параспортшы Ардақ Нұрмағамбетов төрт түліктің төресі – асау атты үйретуді тамашалау үшін арнайы келіпті.

"Шығыс салбурыны" туралы жарнамалардан асау аттарды үйретуден жарыс өтетінін естіп, арнайы келдім. Темір арбам арнайы электр құрылғымен жабдықталған. Ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспін, шүкір", - деді үстел теннисінің шебері Ардақ Нұрмағамбетов.