Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының алдын-алу – қауіпті аурумен күресудің тиімді әдістерінің бірі
Түркістан облыстық басқармалар үйі мамандарына АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Семинар Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметкерлеріне жүргізілді. Шара барысында «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбында баяндама жасалып, аталған инфекцияның пайда болуы мен оның алдын алу жолдары жайлы мағлұматтар берді.
Дәрігер эпидемиологтардың түсіндірме жұмыстарымен жалғасқан бұл шарада аталған инфекцияның клиникалық белгілері мен одан сақтану шаралары айтылды. Сонымен қатар, қатысушыларды өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік берілетін орталықтың тегін қызметіне жүгінуге шақырды. Семинарға қатысқан қызметкерлер ақпаратпен толық танысып, сауалдарына толық жауап алды. Сондай-ақ семинар барысында қатысушылар орталыққа келіп өз мәртебелерін анықтаудан да бас тартқан жоқ.
Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының алдын-алу – қауіпті аурумен күресудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлем ғалымдары жақын арада АИТВ-ға қарсы тиімді құрал әзірленуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бұл салада кейбір жетістіктер болса да, инфекцияға қарсы вакцина әлі ойлап табылмаған. АИТВ инфекциясы жыныстық қатынас арқылы, екінші жолы екіқабат әйелдерден балаға немесе жаңа туған нәрестеге, үшінші жолы қан арқылы, нашақорлар арасында жиі кездеседі. Аталмыш қатерлі дерттен бойыңды аулақ ұстау мен өз денсаулығыңды, болашағыңды қорғаудың ең сенімді, тура жолы – есірткіден бас тарту және бейберекет, кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды аулақ салған жөн. Әр адам өз денсаулығы үшін, ойлануы керек.