Агенттік басшысы сонымен қатар енді психиатриялық және наркологиялық есепте тұрғандарға кредит берілмейтінін айтты
Бүгін Мәжілісте қаржы нарығын дамыту бойынша заң жобасы қаралды. Баяндама жасаған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова тілшілерге енді коллекторлар демалыс күндері мазаны алмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл енді заңмен реттеледі. Коллекторлық агенттіктер демалыс күндері хабарласуға құқықтары жоқ. Екіншіден жұмыс күндері тек үш рет ғана хабарласуларына болады. Одан аспауы тиіс. Егер бұдан артық мазалап жатса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің колл-орталығына мәлімет беріңіздер. Шаралар қабылдайтын боламыз», – деді Мәдина Әбілқасымова.
Айта кетейік, агенттік басшысы сонымен қатар енді психиатриялық және наркологиялық есепте тұрғандарға кредит берілмейтінін айтты.