Қазақстанның әйелдері онкологтардың тегін тексеруінен өте алады

Qaz365.kz редакциясы

Денсаулық сақтау министрлігі тегін тексерілу мүмкіндігін жасап отыр

Жетісу облысының әкімдігі

Сүт безі обыры бүгінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты тегін тексерілу мүмкіндігін жасап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ДДҰ деректері бойынша, бұл обыр қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды. Әлемдік статистикаға сәйкес оныменижер шарындағы әрбір сегізінші әйел ауырады. 

Әйелдердің осы қауіпті ауру туралы хабардар болуын арттыру үшін жыл сайын 15 қазанда Дүниежүзілік сүт безі обырымен  күрес күні атап өтіледі.   

Қазақстанда тек 2023 жылы сүт безі обырының  5,5 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. Бір жылдың ішінде бұл аурудан болатын өлім 1 мыңнан астам жағдайды құрады.

Сонымен қатар сүт безі обырын ерте кезеңде уақтылы диагностикалау кезінде әйелдердің толық емделуі 95%-ға жетеді.  

Бұл аурудың профилактикасы және ерте диагностикалау мақсатында 40 пен 70 жас аралығындағы әрбір әйел 2 жылда 1 рет сүт безі обырына маммологиялық скринингтен өтуі керек.

МӘМС шеңберінде тегін онкоскринингті тіркелген жері бойынша емханалардан өтуге болады.