«Көзқарас өзгерді»: Ксения Собчак аяқастынан Қазақстанды мақтан тұтатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ксения Собчак Бишімбаевтың ісі туралы ой қозғады

CMN.KZ

Ресей тележүргізушісі Ксения Собчак Орталық Азия әйелдерінің форумына қатысып, экс-министр Қуандық Бишімбаев өлтірген Салтанат Нүкенованы еске алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Қазақстанға сол іс бойынша келген едім. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан өлген Салтанат Нүкенованың сотында болдым. Мен қоғамдық резонанс туғызған мәселені ашық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдағаны үшін Қазақстанды мақтан тұтам. Ең қиыны – сананы өзгерту. Оған біртіндеп қол жеткізу керек. Қоғамның қысымы жағдайды қалай өзгерте бастады, зорлық-зомбылық құрбандарына деген көзқарас өзгерді»,  –  дейді Ксения Собчак.