Жаңаталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді

Qaz365.kz редакциясы

Нысанның құрылысы 4 айда аяқталды

Видеодан кадр

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы аяқталып, қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы уақытқа дейін көпірдің конструктивтік бөліктері бойынша ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көпір сызбасы 18 метрлік балкалар арқылы бес өткелден (тіректен) тұрады.  
Қазіргі таңда Бадам өзенінің су деңгейі 2-3 метр төмен түсіп кетуіне байланысты 2-ші тіректің түбін шайған. Соның нәтижесінде тіректің іргетасының жер деңгейінен төмен бөлігі (свая) ашылып, көпір жарамсыз күйге түсті. Көпір арқылы қозғалуға мүмкіншілік жоқ. Аталған көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан апаттың алдын алу мақсатында тіректердің астына 40 машина ірі бетон құрылыс қалдықтарын тастауына және, 15 техника жұмылдырылуына қарамастан, Бадам өзенінің су ағыны қатты болуына байланысты көпір тіректерінің қисаюына алып келді. Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықталып, бұзу жұмыстары және көпірге қажетті элементтері бірден дайындалды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес, құрылыс мерзімі 9 ай, алайда нысанның маңыздылығын ескере отырып, 4 айда құрылыс жұмыстарын толық жүргізіп пайдалануға берілді.