ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді
Елімізде жыл басынан бері 22 752 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы тұста қолданыстағы заңға сай жүргізуші куәлігіен айыратын әрекеттерді ҚР ІІМ - нен сұрап көрдік.
ҚР ІІМ дерегінше қазақстандық жолаушылар келесідей жағдайда жүргізуші куәлігінен айрылады:
- көлікке жалған нөмір тағу;
- қарсы жолаққа шығу;
- патты жағдай туғызу;
- темір жолды өту барысында ереже бұзу фактілері;
- мас күйінде көлік басқару;
- медициналық сараптамадан өтуден бас тарту.
ҚР ІІМ Қазақстан азаматтарын қолданыстағы заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.