Қазақстанда жұмыс істейтіндердің жартысының жалақысы 150 мың теңгеден аспайды
Ресми статистика бойынша Қазақстанда орташа жалақы 400 мыңнан асқан. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қатысты Мәжіліс кулуарында депутат Айдарбек Қожаназаров жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Статистиканың сандары мен үшін әрдайым қиял-ғажайыпқа толы ертегі. Себебі біздің көрген сандарымыз – Қазақстанда жұмыс істейтіндердің жартысының жалақысы 150 мың теңгеден аспайды. Екінші жартысын айта алмаймын. Кейбіреулері миллион, кейбіреуі 700 мың алады», - дейді Айдарбек Қожаназаров.
Ұлттық статистика бюросының тамыз айындағы дерегі бойынша елдегі орташа жалақы 403 251 теңгені құрап отыр.