Зауыт 2000-нан астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етпек
Түркістанда 147 млрд теңгеге мақта өңдеу зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Зауыт Louis Vuitton және Gucci-ге жіп пен мата жеткізуді жоспарлап отыр.
“Зауытта 2000-нан астам жұмыс орны ашылады. Жылына 13 мың тонна жіп, 50 миллион метр үй текстилі және 7 миллион комплект төсек жапқыштары өндірілетін болады”, – делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз хабарламасында.
Түркістан облысы еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір және мақтаны терең өңдеуге баса назар аударады. Облыста 2027 жылға дейін тоғыз мақта кластерін құру жоспарланған.