ForteBank-тің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Бекжан Пірматов – бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың інісі.

ForteBank

Бекжан Пірматов ForteBank-тің басқарма басшысы қызметінен кетті. Оның орнына әр жылдары түрлі қаржы ұйымдарын басқарған Талғат Қуанышев келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның басшылығымен 2,5 жыл ішінде ForteBank нарықтағы позициясын нығайтты. Атап айтқанда, несие портфелі 2 еседен астам ұлғайып, халықаралық рейтингтер біртіндеп өсіп отырды. Forte өз универсалды моделін сақтап, бөлшек бизнесті ғана емес, сондай-ақ ШОБ және корпоративтік бизнес сегменттерінде де қарқынды дамып келеді,- делінген банк түсіндірмесінде.

Айта кетейік, Бекжан Пірматов – бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың інісі. Ал Қуанышев бұған дейін банк директорлар кеңесінің мүшесі болған. Оның қаржы саласында отыз жылдық тәжірибесі бар, сондай-ақ ATF Bank, ForteBank, Kassa Nova Банкі және ATF Лизинг сияқты қаржы институттарын табысты басқарды.

ForteBank активтерінің көлемі бойынша еліміздегі 4-ші коммерциялық банк. Клиенттік база 100 мыңға жуық заңды тұлғаны және миллионға жуық белсенді бөлшек клиентті қамтиды.