Жиі сынға ұшыраған футбол басшысы Барменқұлов қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы

Әділет Назарбайұлы ҚФФ президенті болып 2022 жылы ақпан айында сайланды

KFF.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Бұл туралы Meta-rating.kz сайтына сілтеме жасап Qaz365.kz хабарлайды.

Бүгін федерация кеңсесінде жиын өткен. Функционер сол жерде кететінін хабарлаған.

Айта кетейік, Әділет Назарбайұлы ҚФФ президенті болып 2022 жылы ақпан айында сайланды. Оның тұсында Қазақстан Еуро-2024 финалдық кезеңіне жолдама алуға жақын болған.

Бірақ соңғы кездері федерация жұмысына сын көбейді. Ұлттық құрама бапкері Станислав Черчесов тіл туралы айтқандары да қоғамда резонанс турдырды.

Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат депуттары да кеш сынаған еді.