Оның ұлттық құрамамен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды
Футболдан ұлттық құраманың бапкері – ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесовке қазақстандық жанкүйерлер матч кезінде наразылық білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматыда өткен Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы матчта жанкүйер қауым ресейлік бапкерге наразылық білдірді. Бұл матчта отандастарымыз 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
«Черчесов, үйіңе қайт», - деп жанкүйерлер бірауыздан дауыстап айтты.
Айта кетейік, Станислав Черчесовтің ұлттық құрамамен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды.