Басты мақсатым – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау
14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан екі дүркін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.
“Ең басты мақсатым – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау”, – дейді ол асқақ арманы жайында
Небәрі 14 жастағы жасөспірім бұл жүлделерді соңғы 9 айда жеңіп алған. Алғашқы Қазақстан чемпионатында серпе көтеруде 80 кг, жұлқа көтеруде 95 кг көтерсе, қараша айында өткен жарыста серпе көтеруде 87 кг, жұлқа көтеруде 103 кг (жалпы 190 кг) тіркеді.
Ауыр атлет қазір Азамат Нуруллаев пен Әміре Абатовтың қол астында 4 жылдан бері жаттығады. Ең басты мақсаты – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау.