Абиба Әбужақыноваға жаңа атақ берілді

Qaz365.kz редакциясы

Спортшыға құрметті атақ куәлігін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады

әлеуметтік желі

Дзюдодан әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында спортшыға құрметті атақ куәлігін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады. 

«Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», - деп жазды Абиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Сметовке осы біріншілік аясында Халықаралық дзюдо федерациясы жіберген (IJF) арнайы «алтын жазу» табысталды.