Черчесов Қазақстаннан 1 млн еуро өтемақысын алып, басқа клубқа ауыспақшы – дереккөз

Qaz365.kz редакциясы

2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Шешенстанның «Ахмат» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ресейлік футбол инсайдері Иван Карпов жазды. Дереккөздің мәліметінше, Грозный клубы Черчесовті Қазақстан қызметінен қуатын болса, қыста алғылары келіп отыр. Қазіргі кезде «Ахмат» клубын Сергей Ташуев жаттықтырады. Оның алдында Қазақстан құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев баптаған.

Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасында алты матчта бірде-бір гол соқпады. Соңғы бес ойында Қазақстан барлық қарсыластарынан 15 гол жіберді.

Айта кетсек, егер Черчесовті мерзімінен бұрын қызметінен қуса, 1 миллион еуро өтемақы төлейді.