Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған атақты бапкер Қазақстан дзюдо құрамасына келді

Qaz365.kz редакциясы

2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

© РИА Новости

Белгілі дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Туризм жəне спорт министрлігі мәлім етті. Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

Ол 2008 жылдан бері осы жылдың қазан айына дейін Ресейде қызмет еткен. 2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Гамбаның қасында тағы бір ресейлік екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе болмақ. Сондай-ақ  Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси жұмыс істемек.