Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

14 жасқа дейінгі теннистен Азия чемптонаты Таиландта өтті

olimpic.kz

Теннистен Қазақстанның жасөспірімдер командасы Азия чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Olimpic.kz сайтына сілтеме жасап.

Таиландта 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында теннистен Азия чемпионаты аяқталды. Жеке есепте ең жоғары жетістікке жетіп алтын медаль алған қазақстандықтар Ариана Гогулина мен Альбина Какенова.

Командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді. Командаға Альбина Какенова, Ариана Гогулина, Арсений Требухин, Олжас Есеналин жеңіс әкелді.