Неліктен Серік Сәпиевті Қарағанды спортына басшы етіп тағайындады? Министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: gov.kz

Бүгін Мәжіліске келген Туризм және спорт министрінен тілшілер өңірлердегі спорт және дене шынықтыру басқармаларындағы кадрлық ауыс-түйістер сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мысалы, Қарағанды облысына Серік Сәпиев, Павлодар облысына Азамат Имашев тағайындалған.

Кеше екі өңірде спорт басқармасы басшылары тағайындалды. Белгілі спортшы Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы болды. Өңірдегі спортты дамытуға бара жатыр. Екінші Павлодар облысы спорт басқармасының басшысы болып Азамат Имашев конкурстан өтіп, комиссияның шешімімен іріктеліп алынып тағайындалды. Қазір бірнеше облыста комиссия отырыстары өтті. Ол жерде білікті, саланы білетін, менеджерлік қабілеттері бар мамандар тағайындалады, — дейді Ербол Мырзабосынов.

Ол бұл ауыс-түйістің себебін түсірдірді. 

Соңғы Азия ойындары, Олимпиада ойындары және өңірлердегі резерв мәселесі бар. Бүгінде министрлік тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылды. Сол топ талдау жасап, ол жерде 3-4 жыл отырған, кейін индикатор орындалмағаннан кейін біз осындай шешімге келдік, — дейді  министр.