17 жастағы қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Елнұрдың каратэдегі жолы 7 жасында басталды

Фото: kazsports.kz

Астаналық спортшы Елнұр Дауылбай каратэден әлем чемпионы атанды, хабарлайды Qaz365.kz

Cпортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 17 жастағы Елнұр Дауылбай Жапония астанасы Токиода өткен киокушинкай каратэден әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды. Спортшы 2007 жылы 10 қарашада Астанада дүниеге келген. 

Елнұрдың каратэдегі жолы 7 жасында басталды. Ол "Астана каратэ орталығында" жаттықтырушы Арман Мұхамедрахымның жетекшілігімен спорттағы алғашқы қадамын жасаған. Кейінгі жылдары оның даярлық процесін Қазақстан киокушинкай KWF федерациясының жаттықтырушысы Дархан Рахимжанов қадағалап, спортшыны жаңа деңгейге көтерді. 

Спорттағы 10 жылдың өзінде Елнұр 32 алтын медаль, 22 күміс, 28 қола және 26 кубок жеңіп алып үлгерді. Ал ең маңызды жетістігі – 16 жастан асқанда каратэден спорт шебері атағын алуы. Сондай-ақ ол Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Еуропа чемпионы (65 кг салмақ дәрежесінде). Жыл сайын Елнұр Германия, Нидерланд, Ресей, Түркия және Жапония сияқты елдерде өтетін жарыстарға қатысып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп келеді.