Балалар спортына бөлінген 55 миллион қаржы жымқырылған

Nur-Altay Umirzak

Олар 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы қаражатты жылыстатқан

Сурет: inbusiness.kz

Қызылорда облысында балалар спортына бөлінген 55 миллион қаражат жымқырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.

“Олар «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде”, – делінген агенттіктің хабарламасында..

Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп, іс сотқа жіберілген.