«Каспий» футбол клубында 27 млн теңге жымқырылған

Nur-Altay Umirzak

Футбол клубының экс-басшысы және екі сыбайласы қамауға алынды

Сурет: sportinfo.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.

“Аталған фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар, 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген”, – делінген Облыстық Антикор қызметінің мәлімдемесәінде.

Сот футбол клубының экс-басшысы және екі сыбайласы «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берген.