6 жасар әлем чемпионына Тоқаевтың құттықтау хаты табысталды

Nur-Altay Umirzak

6 жасар Хадия Кунаева Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған

Сурет: Павлодар облысы әкімдігі

6 жасында әлем чемпионы атанған бүлдіршінге Тоқаевтың құттықтау хаты табысталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі жазды.

6 жасар Хадия Кунаева Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.

«Жас спортшыны әкесі Самат Кунаев жаттықтырады. Бір қызығы, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулардың арқасында денсаулығын қалпына келтірген», –  деп атап өтті Асайын Байханов.

Бұл отбасында 7 баланың алтауы жекпе-жекпен айналысады.