Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Qaz365.kz редакциясы
Фото: instagram/aigerimaskarova91

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралған Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.  Ширек финалда Әйгерім филиппиндік Магно Офелиядан басым болып шықты.  Жартылай финалда отандасымыз өзбек қызы Фарзона Фазиловамен жұдырықтасады. 

Бес бала тәрбиелеп отырған ана Қарағандыда өткен "Мықтылар турнирінде" топ жарған еді. Іште қалып қойған арманы мен жете алмаған жетістігі үшін шаршы алаңға қайта оралды. 
Оның жұбайы Олжас Сәттібаев бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы.