Ширек финалда өзбекстандық, 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы Асылбек Джалиловпен кездесті
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Ол бүгін ширек финалда өзбекстандық, 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы Асылбек Джалиловпен кездескен. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Джалиловқа берді.
Сөйтіп Бибосынов жарысты жүлдесіз аяқтады. Ол бұған дейін тағы бір өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматовтан жиі ұтылып жүрген болатын.