Махмұд Сабырхан қарсыласын мерзімінен бұрын нокаутқа түсірді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол ширек финалда Шри-Ланка өкілі Джаятнатх Кумаримен кездесті. Жерлесіміз екінші раундта қарсыласын бірнеше мәрте нокдаунға түсіргесін, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды.

8 желтоқсан күні өтетін жартылай финалдағы Махмұдтың қарсыласы - Таиланд боксшысы.

Айта кетейік, ол бұған дейін тайпейлік Лаи Ян-Линді бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді.