Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакемен кездесті. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Қос спортшы 2022 жылы Азия чемпионатының финалында да өзара мықтыны анықтап үлгерген еді.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай ерлер арасында қазақ боксшыларынан алғашқы болып финалға жолдама алды. Енді ол өзбек Шодиержон Меликузиевпен кездеседі. Бұған дейін екеуі рет жолығып, екеуінде де Санжар басым түскен.