Сегіз жасар қазақстандық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұған дейін «халықаралық турнирдан үш мәрте күміс  жүлдегері атанған

Фото: Астана қаласының білім басқармасы

Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, сегіз жасар оқушы бұған дейін Шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open 2023 « халықаралық турнирдан үш мәрте күміс  жүлдегері атанып, әлем чемпионаттарына қатысқан.

«Бұл Әбдіқайым Мұхаммедғалидің алғашқы алтын медалі», - делінген хабарламада.