Футболшы матчқа қатысатын жас ойыншыларға қандай кеңес беретінін айтты
"Челси" футбол клубының қорғаушысы Аксель Дисаси УЕФА Конференция лигасы аясында "Астана" командасына қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ойын Алматы қаласының Орталық стадионында бүгін, бүгін сағат 20:30-да басталады. Бүгін Алматыда ауа температурасы шамамен 10-11 градус суық болады деп күтілуде.
Осыған орай "Челси" футбол клубының қорғаушысы Аксель Дисаси аталмыш матчқа қалай дайындалғандарын айтып берді.
"Біз ойын өтетін жағдайды жақсы білеміз. Сегіз сағаттық ұшу барысында бірнеше фильм көрмекпін, ал келген соң екі қабат қолғап киіп алып ойнаймын. Бұл – еурокубоктық ойын, сондықтан біз кестедегі 1-орынды сақтап қалу үшін күресуіміз керек", - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар футболшы матчқа қатысатын жас ойыншыларға қандай кеңес беретінін айтты.
"Ұзақ ұшу мен суық ауа райына байланысты бұл ойын бүгін дебют жасайтын футболшылар үшін қолайлы болмауы мүмкін. Бірақ олар мұндай ойынға төтеп бере алатын қабілетке ие. Егер олар осы жерде болса, демек, қажетті шеберліктері бар деген сөз. Сондықтан бұл матч олардың тәжірибесін арттыру үшін тамаша мүмкіндік болады", - деді Дисаси.