Тайсон Фьюридің өзі төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық Александр Усик (22-0, 14 КО) британдық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) қарымта жекпе-жекте де жеңіп, жеңімпазға бұйыратын бес белбеуді алып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сөйтіп Усик WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring тұжырымдары бойынша белбеулерді өзіне қалдырды.
Бұған дейін екі боксшы биыл мамыр айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Усик жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да олар 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен украиналық жеңіске жетті.
Тайсон Фьюридің өзі төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты. Тіпті, бірінші жекпе-жекте де өзінің жеңісі ұрланғанын, екіншсінде тіпті масқара шешім шыққанын айтып отыр.
Отандасы жеңіске жеткен соң, Украина президенті Владимир Зеленский құттықтау жолдады.
Жеңіс! Бұл дәл қазіргі сәтте аса маңызды, аса қажет жеңіс. Чемпион белдігін сақтап қалған Александр украиналықтар жеңісті оңайлықпен бермейтінін дәлелдеді. Қаншалықты ауыр болса да, аяғына дейін күресеміз. Ринг, ұрыс алаңы немесе дипломатиялық арена – бәрінде де күресеміз, оңайлықпен берілмейміз. Жеңіс құтты болсын, казак! Украина, жеңіс құтты болсын! Украина мерейі үстем болсын!, - деп жазды Зеленский.